Біздің нәтижелер "Зерде" конференциясында.
Ғылым мен техниканың даму әлемінде оқушылар өз білімдерін іс жүзінде қолдана білуі керек. Сондықтан бүгінгі таңда ғылыми жобалар әдісі кең таралған, өйткені ол теориялық негіздерді ұтымды үйлестіреді және оқушылардың бірлескен іс-әрекетіндегі мәселелерді шешуді практикалық жағынан қолданады. Оқушылардың бойында: құндылық-мағыналық, оқу-танымдық, ақпараттық-технологиялық, коммуникативтік, тұлғалық өзін-өзі дамытуды, ғылыми және зерттеу қызметіне тұрақты қажеттілікті сияқты құзыреттіліктерді қалыптастырады.
Біздің мектепте "Альтаир" ғылыми зерттеу қоғамы жұмыс істеп, өз жемісін беріп жатыр. "Зерде" қалалық ғылыми-практикалық конференциясында 5 сынып оқушысы Кеулімжай Әліби "Мақал-мәтелдердегі сандар" атты жобасы орыс тілі мен әдебиеті пәні бойынша алынып, мұғалімі Закариянова Баян Төлегенқызының жетекшілігімен сынға түсіп 2 орынға ие болды.
