«Ақмола облысы білім басқармасының Степногорск қаласы бойынша білім бөлімінің Степногорск қаласының Ю. А. Гагарин атындағы № 7 жалпы білім беретін мектебі» КММ қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімдерінің ӘБ тілдер онкүндігін өткізу туралы есебі 05.09.2021 ж. -20.09.2021 ж.
05-20 қыркүйек аралығында №7 ЖББМ Қазақстан халықтары тілдерінің онкүндігі өткізілді, әдістемелік бірлестікте жоспарланған барлық іс-шарлар өткізілді. Іс-шара тақырыбы «Тәуелсіздік елім – тірегім, туған тілім - жүрегім»
Онкүндік аясында өткізілген барлық іс-шаралар үлкен танымдық және тәрбиелік мәнге ие болды.
Онкүндік тақырыптық стенд безендіруден басталды. 9 «А» сынып
оқушыларымен Турсунбаева А.Б. «Тәуелсіздік тұтқасы бізге аманат»
іс-шара онлайн форматта өткізді. Оқушылар тақырыпқа байланысты өз ойларын ашып, әртүрлі мәліметтер білді.
Онкүндік аясында сынып жетекшілері «Тіл – достық пен келісімге апарар сара жол» деген тақырыпта сынып сағаттарын өткізді. Әр ұлттың тілін қадірлеу керек екендігін алға тартып, ой бөлісті.
6 «Г» сыныбында Шакенова А.А. «Тіл – татулықтың тірегі» атты іс-шара өткізді. Іс-шара барысында оқушылар қазақ тілінде нақыл сөздер айтты, әртүрлі қызықты тапсырмаларды орындады.
8 «А» сынып оқушылары үшін «Тіл баға жетпес мұра» атты онлайн дөңгелек үстелін өткізді. 8 сынып оқушылары аталған тақырып бойынша өз ой-пікірлерін білдіріп, талдау жұмыстарын жүргізді.
Смаилова А.Б. «Тәуелсіздік - ел тұғыры» деген тақырыпта 10 «А» сынып оқушыларымен сайыс өткізді. Балалар екі топқа бөлініп, тақырыпқа байланысты тапсырмаларды орындады.
«Тілім менің ғасырлардан аманат» дөңгелек үстелді Кайдарова С.Е. 6 «А» сыныбында өткізді.
«Тілім менің,баға жетпес байлығым» іс-шараны Жуварова Г.Ж. 8 «Б» сыныбында өткізді. Оқушылар іс-шараға белсенді қатысты.
8-11 сыныптары аралығында «Мәңгілік елімнің – мәңгілік тілі» эссе жазу байқауы өткізілді. Үздік деген шығармалар қалалық шығармалар сайысына жіберілді.
Мұғалімдер онкүндік аясындағы іс-шаралар туралы ақпаратты мектеп сайтында және әлеуметтік желілерде үнемі жариялап отырды.
20 қыркүйекте онкүндіктің қорытындысы шығарылып, жеңімпаздар марапатталды.
ӘБ жетекшісі А.Турсунбаева