Текст
24.05.2022 жылы 2 "А" сыныбында "Жазғы демалыс уақытында қауіпсіздік техникасы бойынша нұсқаулық" атты сынып сағаты өтті. Сынып сағаты барысында балаларға жолда жүру ережесі, өрт қауіпсіздігі, өзен, көлдердің жағалауындағы қауіпсіздік техникаларына байланысты презинтация көрсетілді. Балалар қауіпсіздік ережелерін естеріне түсіріп, слайд бойынша түсініктемелер беріп кетті. Сынып сағаты соңында әр оқушы техника қауіпсіздігі парағына қолдарын қойды. Сынып жетекшісі: Алпысбаева А. А.