"Ғаламшар қалай орналасқан?"

Ю.А.Гагарин атындағы №7 жалпы орта мектебінде. Бастауыш сыныптар апталығы аясында 12 ақпан күні 2"Ә"сыныбында   жаратылыстану пәнінен ашық сабақ өтті. Тақырыбы: "Ғаламшар қалай орналасқан?" Сабақ барысында балалар күн жүйесінің ғаламшарларының орналасу тәртібін анықтады. Алғашқы Байқоңыр ғарыш алаңынан тұнғыш ұшқан Ю.А.Гагарин, ал қазақтан шыққан тұңғыш ғарышкер  Тоқтар Әубәкіров екенін білді.
Оқушылар сабаққа белсенділік танытып, әр тапсырманы қызығушылықпен орындады. Сабақ жоғарғы деңгейде өтті. Сынып жетекшісі: Кошанова Дана Талгатовна.

/public/files/2021/2/14/140221_101948_otkrytyy-urok.pdf