Ахмет Байтұрсынұлының 150 жылдық мерейтойына арналған пікір-сайыс
04 ақпан күні мектебімізде Ахмет Байтұрсынұлының 150 жылдық мерейтойына арналған пікір-сайыс болып өтті. Пікір-сайыс жолдастық мәнде ұйымдастырылып, қаламыздың #5 КМЛ және #7 ЖОББ мектебінің оқушылары өз өнерлерін ортаға салды. Пікір-сайыстың құрметті қонағы ретінде қаламыздың #2 және #9 ЖОББ мектебінің оқушылар мен жетекшілері келді. Іс-шараның басты мақсаты білім алушыларға "Ұлттың ұлы ұстазы - Ахмет Байтұрсынұлының" өмірі мен шығармашылығын, қазақ еліне жасаған ерен еңбегін насихаттау. Оқушылар құнды мәліметтер алып, жақсы пікірталас өткізді. Жетекшілер: Икранбек М. және Икрамбек А.