Текст
Бүгін 12 мамыр 5 «А» сыныбында «Отбасым- байлығым» атты сынып сағаты өткізілді.
Сынып сағатының мақсаты:
1) Отбасындағы қарым - қатынас мәдениеті туралы түсінік беру, бақытты жанұяның моделін дайындау;
2) Отбасы - Отанның бір бөлшегі екенін ұғындырып, оқушылардың бақытты жанұяға
деген қызығушылығын арттыру;
3) Жанұядағы сыйластыққа, адамгершілікке, инабаттылыққа, ынтымақ пен бірлікке, татулық пен ұйымшылдыққа тәрбиелеу. Үлкенді үлгі, кішіні мақтан етуге, отбасының бірлігін сақтап, жанұяның мақтаны болуға тәрбиелеу.
Жалпы отбасы туралы оқушылар өз ой-пікірлерімен бөлісті. Слайд пен видеоролик көрсетілді. Кейбір оқушылар отбасылық суреттерін алып келіп таныстырды.