«Ақмола облысы білім басқармасының Степногорск қаласы бойынша білім бөлімі Степногорск қаласының Ю. А. Гагарин атындағы № 7 жалпы орта білім беретін мектебі» комуналдық мемлекеттік мекемесі
КГУ «Общеобразовательная школа №7 имени Ю.А.Гагарина города  Степногорск отдела образования по городу Степногорск управления образования Акмолинской области»

СоцСети

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

Дене шынықтыру мұғалімі лауазымына конкурс туралы хабарландыру

Конкурс туралы хабарландыру
Степногорск қаласының № 7 жалпы білім беретін мектебі " коммуналдық мемлекеттік мекемесі Ақмола облысы Білім басқармасы Степногорск қаласы бойынша білім бөлімінің Ю. А. Гагарина" Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2012 жылғы 21 ақпандағы № 57 "Ақмола облысының Білім басқармасы" бұйрығына сәйкес 16 сағаттан астам жүктемемен денешынықтыру мұғалімі бос лауазымына орналасуға конкурс жариялайды. мемлекеттік білім беру ұйымдары педагогтарының  

Мекеменің мекен-жайы: Индекс 021500 Ақмола облысы, Степногорск қаласы, 6 шағын аудан, 3 ғимарат, жұм.тел: 87164555415, эл.пошта ckool007@mail.ru

Педагогтердің үлгілік біліктілік сипаттамаларымен бекітілген денешынықтыру мұғаліміне қойылатын біліктілік талаптары:
Біліктілікке қойылатын талаптар: 
      тиісті бейін бойынша жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі педагогикалық немесе өзге де кәсіптік білім немесе педагогикалық қайта даярлауды растайтын құжат, жұмыс стажына талаптар қойылмайды немесе тиісті бейін бойынша техникалық және кәсіптік педагогикалық білім жұмыс стажына талаптар қойылмайды;
      және (немесе) біліктілігінің жоғары және орта деңгейі болған кезде педагогикалық жұмыс өтілі: педагог-модератор үшін кемінде 2 жыл, педагог-сарапшы үшін кемінде 3 жыл, педагог – зерттеуші үшін кемінде 4 жыл.
      Кәсіби құзыреттерді айқындай отырып, біліктілікке қойылатын талаптар:
      1)педагог(Санаты жоқ):
      білім алушылардың психологиялық-жас ерекшеліктерін ескере отырып, оқу-тәрбие процесін жоспарлай және ұйымдастыра білуі тиіс;
      білім алушының жалпы мәдениетін қалыптастыруға және оны әлеуметтендіруге ықпал ету, білім беру ұйымы деңгейіндегі іс-шараларға қатысу;
      білім алушылардың қажеттіліктерін ескере отырып, тәрбиелеу мен оқытуда жеке тәсілді жүзеге асыру, кәсіби-педагогикалық диалог дағдыларын меңгеру, цифрлық білім беру ресурстарын қолдану;
      2) педагог-модератор:
      "педагог" біліктілігіне қойылатын жалпы талаптарға, сондай-ақ:
      оқытудың инновациялық нысандарын, әдістері мен құралдарын пайдалану, білім беру ұйымы деңгейінде тәжірибені жинақтау, білім беру ұйымы деңгейінде олимпиадаларға, конкурстарға, жарыстарға қатысушылар болу;
      3) педагог-сарапшы:
      "педагог-модератор" біліктілігіне қойылатын жалпы талаптарға, сондай-ақ:
      ұйымдастырылған оқу қызметін талдау дағдыларын меңгеру;
      тәлімгерлікті жүзеге асыру және білім беру ұйымы деңгейінде өзінің және әріптестерінің кәсіби даму басымдықтарын сындарлы айқындау;
      аудан/қала деңгейінде тәжірибені жинақтау, аудан/қала деңгейінде олимпиадаларға, конкурстарға, жарыстарға қатысушылардың болуы;
      4) педагог-зерттеуші:
      "педагог-сарапшы" біліктілігіне қойылатын жалпы талаптарға, сондай-ақ:
      Сабақты зерттеу және бағалау құралдарын әзірлеу дағдыларын меңгеру;
      білім алушылардың зерттеушілік дағдыларын дамытуды қамтамасыз ету;
      тәлімгерлікті жүзеге асыру және аудан мен қала деңгейінде педагогикалық қоғамдастықта даму стратегиясын сындарлы айқындау;
      облыс/республикалық маңызы бар қалалар және Астана, республика деңгейінде тәжірибені жинақтау (республикалық ведомстволық бағынысты ұйымдар үшін);
      облыс/республикалық маңызы бар қалалар және Астана, республика деңгейінде олимпиадаларға, конкурстарға, жарыстарға қатысушылардың болуы (республикалық ведомстволық бағынысты ұйымдар үшін);
педагог-шебер:
      "педагог-зерттеуші" біліктілігіне қойылатын жалпы талаптарға, сондай-ақ:
      облыстық оқу-әдістемелік кеңесте немесе Республикалық оқу-әдістемелік кеңесте мақұлданған, шығарылған оқулықтардың, оқу-әдістемелік құралдардың авторы (тең авторы) болып табылады;
      ғылыми жобалау дағдыларын дамытуды қамтамасыз ету;
      тәлімгерлікті жүзеге асыру және облыс деңгейінде кәсіби қоғамдастық желісін дамытуды жоспарлау;
      республикалық және халықаралық конкурстар мен олимпиадалардың қатысушысы болу немесе республикалық және халықаралық конкурстар мен олимпиадалардың қатысушыларын дайындау.
Мұғалім білуі керек:
Қазақстан Республикасының Конституциясы, Қазақстан Республикасының Еңбек Кодексі, Қазақстан Республикасының "Білім туралы", "Педагог мәртебесі туралы", "Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы", "Қазақстан Республикасындағы тіл туралы" заңдары, білім берудің мемлекеттік жалпыға міндетті стандарттары және білім беруді дамытудың бағыттары мен перспективаларын айқындайтын басқа да нормативтік құқықтық актілер;
      оқу пәнінің мазмұны, оқу-тәрбие процесі, оқыту және бағалау әдістемесі;
      педагогика мен психология;
      пәнді оқыту әдістемесі, Тәрбие жұмысы, Оқыту құралдары және олардың дидактикалық мүмкіндіктері;
      оқу кабинеттері мен қосалқы үй-жайларды жабдықтауға қойылатын талаптар;
      құқық негіздері және еңбекті, экономиканы ғылыми ұйымдастыру;
      еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау, өртке қарсы қорғау жөніндегі ережелер, санитарлық ережелер мен нормалар.

Құжаттар тізімі
Конкурсқа қатысуға ниет білдірген тұлға хабарландыруда көрсетілген құжаттарды қабылдау мерзімінде келесі құжаттарды электрондық немесе қағаз түрінде жолдайды:
    

1) осы Қағидаларға 10-қосымшаға сәйкес нысан бойынша қоса берілетін құжаттардың тізбесін көрсете отырып, конкурсқа қатысу туралы өтініш;;

      2)жеке басын куәландыратын құжат немесе цифрлық құжаттар сервисінен электрондық құжат (сәйкестендіру үшін);

      3) кадрларды есепке алу бойынша толтырылған жеке іс парағы (нақты тұрғылықты мекенжайы мен байланыс телефондары көрсетілген – Бар болса);

      4) педагогтердің үлгілік біліктілік сипаттамаларымен бекітілген лауазымға қойылатын біліктілік талаптарына сәйкес білімі туралы құжаттардың көшірмелері; ;

      5) еңбек қызметін растайтын құжаттың көшірмесі (бар болса);

      6) "Денсаулық сақтау саласындағы есепке алу құжаттамасының нысандарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының 2020 жылғы 30 қазандағы № ҚР ДСМ-175/2020 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 21579 болып тіркелген) бекітілген нысан бойынша денсаулық жағдайы туралы анықтама;;

      7) Психоневрологиялық ұйымнан анықтама;

      8) Наркологиялық ұйымнан анықтама;

      9) ұлттық біліктілік тестілеу сертификаты (бұдан әрі - ТБЖ) немесе педагог-модератордың, педагог-сарапшының, педагог-зерттеушінің, педагог-шебердің біліктілік санатының болуы туралы куәлік (бар болса);

      10) педагогтің бос немесе уақытша бос лауазымына кандидаттың 11-қосымшаға сәйкес нысан бойынша толтырылған бағалау парағы.

  Кандидат болған жағдайда біліміне, жұмыс тәжірибесіне, кәсіби деңгейіне қатысты қосымша ақпарат (біліктілігін арттыру, ғылыми/академиялық дәрежелер мен атақтар беру, ғылыми немесе әдістемелік Жарияланымдар, біліктілік санаттары туралы құжаттардың көшірмелері, алдыңғы жұмыс орнының басшылығынан ұсынымдар) ұсынады.

Конкурсты және комиссияның қорытынды отырысын өткізу мерзімдері
01.08.2022 – 16.08.2022

Жаңартылған күні: 02.08.2022 10:39
Құрылған күні: 05.08.2022 16:21

Текст